Softswitch Ргоху бағдарламалық-аппараттық кешені – «Әмбебап коммутация түйіні»
Бұл телефон байланысы түйіндерін ұйымдастыру үшін аяқталған шешім. Кешен 50 абонентке шағын мекемелік телефон станциясын ұйымдастыру үшін де, коммутацияның тіректік/транзиттік түйіндерін және сигнал беру конверторларын құру үшін де пайдаланылуы мүмкін.
КТСЛ ЖШС базасында Диджитал Кантри Нэт компаниясымен әріптестікте автоматты телефон станцияларына арналған жабдықтарды орнату және баптау бойынша қызмет іске қосылды.
Базалық жеткізуде, қосымша модульдерді пайдаланбай, кәсіпорынға қажетті телефония сервистерін іске асыру қызметтерінің кең жиынтығы ұсынылады.
Біздің арсеналда бар:
АТС Mini
Шағын және орта бизнес үшін сыйымдылығы 300 абонентке дейінгі конвергентті толық функционалды IP-АТС
АТС Pro
Шағын және орта бизнес үшін сыйымдылығы 500 абонентке дейінгі конвергентті толық функционалды IP-АТС
АТС Enterprise
Ірі бизнес және телефон байланысы операторлары үшін оңтайландырылған конвергентті IP-АТС
Мекемелік АТС «Әмбебап коммутация торабы»
Мекемелік IP-АТС, SoftSwitch (Тапсырыс берушінің ТТ бойынша бапталады, форм-фактор бойынша шектеулер жоқ)
Талап етілетін жүктемеге байланысты аппараттық орындау Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес өзгеруі мүмкін.
IP-АТС Enterprise ерекше функциялары
Дауыстық қызметтердің жоғары сапасы
Сапалы дауыстық қызметтерді қамтамасыз ету үшін трафикті басым ету тетіктері қолданылады, джиттер-буфердің параметрлері бапталады және IP-телефонияның барлық негізгі кодектеріне қолдау көрсетіледі.
ЖІІЖ
Жедел-іздестіру іс-шаралары жүйесінің (ЖІІЖ) функциялары мемлекеттік стандарттарға толық сәйкес келеді. Күштік құрылымдарды жабдыққа қосу Е1 интерфейсі бойынша жүзеге асырылады.
Телефондық биллинг
Икемді тарифтеу механизмдері бар дауыстық трафикті есепке алудың кіріктірілген жүйесі. Оператораралық өзара әрекеттесу есебін қолдау.
IP телефонияның бірегей жетілдірілген шешімдері (IP-АТС Mini, Pro және мекемелік АТС-да):
IP телефония базасындағы корпоративтік қорғалған телефон байланысы желісі;
IP телефония коммутаторы;
Сессияның шекаралық контроллері;
Қоңырауларды бақылау және зияткерлік бағыттау;
Ұялы желілермен интеграциялау мүмкіндігі.
Істен шығуларды болдырмау: Кластерлеу және Георезервтеу. (IP-АТС Pro және Enterprise)
Заманауи сандық технологиялар (барлық құрылғыларда қолжетімді):
Жұмыс алгоритмдерін икемді орнату;
Сыртқы деректер көздерімен және сервистермен синхрондау;
Дауыстық пошта, Факс пошта;
Автохатшы;
Сыртқы жүйелермен интеграциялау;
50-ден астам қосымша зияткерлік функциялар (ҚҚТ).
Пайдаланушының жеке кабинеті:
Әрбір пайдаланушыға оған қосылған қызметтерді бақылау және басқару үшін WEB кабинет беріледі.
Абоненттік құрылғылардың кең спектрі:
Телефон абоненттерін қосу компьютерлік желі арқылы да, сондай-ақ SIP шлюздері арқылы аналогты порттарды ұйымдастыру арқылы да жүзеге асырылады.
Абоненттердің құрылғылары ретінде IP телефондары, сондай-ақ компьютерге немесе ұялы телефонға/планшетке орнатылатын телефон бағдарламасы да қолданылуы мүмкін.