«Диджитал Кантри Нэт» компаниясы қазақ бұлтты сервистерінің операторы KT Cloud Lab телефон станцияларын өндірісін құру туралы келісімге қол қойды. Бірлескен кәсіпорын іске қосылғаннан кейін абоненттер жоғары сапалы байланыстың қазіргі заманғы қызметтеріне, ал нарықтың коммерциялық қатысушылары — экономикалық пайданға ие болады.

Жаңа IP ATS өндірісі Қазақстан Республикасының аумағында ұйымдастырылатын болады. Шығарылатын өнімнің негізіне «Диджитал Кантри Нэт» аппараттық-бағдарламалық шешімі — «Әмбебап коммутация түйіні» DP.NET SSP операторлық кластағы телефон станциялары қолданылады.

Қазақстанда телефон байланысы үшін кешендер өндірісі бірнеше маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  • абоненттерге байланыстың жоғары сапасын беру, соның ішінде «Диджитал Кантри Нэт» шығаратын жабдықтарда қызметтерді резервтеу есебінен;
  • корпоративтік клиенттерге операторлық кластағы телефон станцияларының базасында өз телекоммуникациялық желілерін салу мүмкіндігін беру;
  • Alcatel, Cisco, Huawei, басқа да бірқатар шетелдік өндірушілердің жабдықтарын отандық әзірлемелермен толық көлемде ауыстыру.

IP ATS бірлескен өндірісін құрудың тағы бір артықшылығы — ол ұсынатын экономикалық пайда. «Диджитал Кантри Нэт» компаниясының және KT Cloud Lab бұлтты сервистерінің қазақ операторының ресурстары біріктірілетін болады. Осының арқасында шығындар айтарлықтай азаяды және соңғы тұтынушылар төмен бағамен заманауи өнімді алатын болады. Бірлескен өндіріс батыс өндірушілерінің ұқсас шешімдерін пайдаланғаннан гөрі өз өндірісіміздің жабдықтарын пайдалану әлдеқайда тиімді екендігін көрсетеді.

Негізінде жабдық шығарылатын «Әмбебап коммутация түйіні» DP.NET SSP телефон станциялары байланыс желілерін пайдаланудың үлкен тәжірибесін ескере отырып әзірленген. Оларды дайындау кезінде шетелдік телекоммуникациялық жабдық өндірушілерінің үздік технологиялары қолданылады. Осыған байланысты жабдық жұмысының жоғары тұрақтылығы және оның ұқсас шешімдермен үйлесімділігі қамтамасыз етіледі, ал енгізу және қолдау құны айтарлықтай азаяды.