Дебиторлық берешекпен жұмыс істеу бойынша арнайы оқытылған операторлар Тапсырыс берушінің клиенттеріне берешекті өтеуге және бір мезгілде оның адалдығын сақтауға сендіре алады.
Борышкерлермен жұмыс жасау Сізге мүмкіндік береді:
Төлем тәртібін арттыруға
Ақшалай қаражаттың түсімін арттыруға
Сіздің клиентіңіздің реакциясын бағалау үшін кері байланыс алу
Оған адекватты ұсынысты қалыптастыру және борышқкерді сіздің қызметіңіздің адал пайдаланушылары қатарына қайтаруға
Абоненттік базаны сақтауды қамтамасыз етуге
Бизнес пен Сіздің ықпал етуіңіздің саласын одан әрі дамытуға көңіл бөлуге
Байланыс орталығы арқылы дебиторлық берешекпен жұмыс үш тәсілмен ұйымдастырылуы мүмкін:
IVR құлақтандыру – борышкерлер автоматты жүйеден қоңырау алады, ол бар қарыз туралы хабарлайды, оның мөлшерін, мерзімі мен төлеу тәсілдерін көрсетеді.
IVR-ақпараттандыруды және операторлардың қоңырауларын бірлесіп пайдалану – бірінші кезеңде борышкер автоматты жүйеден қоңырау алады, екінші кезеңде берілген мерзім ішінде автоматты еске салуға әрекет етпеген Клиенттерге оператор қайта қоңырау соғады.
Борышкерлерге операторлардың қоңырау шалуы – АҚО қызметкерлері клиенттерге қоңырау шалып, қарыз туралы еске салады және оның пайда болу себептерін анықтайды.
Жұмыс қорытындысы бойынша Тапсырыс беруші нөмірлердің әрқайсысына қоңырау шалу немесе қоңырау шалмау фактісі туралы, сондай-ақ борышкерлерден алынған барлық түсініктемелерді көрсете отырып, егжей-тегжейлі есеп алады.