VPS (Виртуалды арнайы бөлінген сервер)

VPS (ағыл. Virtual Private Server, Виртуалды арнайы бөлінген сервер)

VPS — бұл виртуалды хостинг пен физикалық серверді жалдау арасында бағасы мен мүмкіндіктері жағынан тиімді құрал. Клиенттің сайты сервер ресурстарының белгілі бір санынан тұратын арнайы бөлінген ортада орналасады. Бұл оны әдеттегі виртуалды хостингпен салыстырғанда тәуелсіз әрі барынша тұрақты етеді.

VPS мамандандырылған бағдарламалық жасақтама мен кепілдендірілген қуатты талап ететін ірі веб-сайттар мен қалыпты емес жобалар үшін өте қолайлы.

VPS – бұл қолданушыға виртуалды арнайы бөлінген сервер беру көзделетін хостинг түрі. Операциялық жүйені басқару тұрғысынан VPS физикалық арнайы бөлінген серверге сәйкес келеді, себебі бұл физикалық сервер жұмысының бір сервердегі эмуляциясы түрінде қолданылады.

VPS виртуалды серверінің клиенті қарапайым сервердегі сияқты кез келген бағдарламалық қосымшаларды орнатып, файлдармен жұмыс істей және жеке машинада мүмкін болатын кез келген өзге тапсырмаларды орындай алады.

VPS – бұл тиімді баптаулар жасау мүмкіндіктері қарастырылған, физикалық арнайы бөлінген серверге тән қуат пен ресурстарды қолдану тұрғысынан қолжетімді шешім. VPS дискідегі кеңістік көлемімен, CPU кепілдендірілген қуат көлемімен және арнайы бөлінетін RAM жедел жадымен ерекшеленетін төрт тарифтік жоспардан тұрады.

Техникалық сипаттамалары:

 

  • Операциялық жүйелер: Linux/Windows;
  • Дискідегі бос орын: 5-тен 50 Gb дейін;
  • CPU кепілдендірілген қуат көлемі: 500-ден 3000 Mhz дейін;
  • Жедел жадының (RAM) кепілдендірілген көлемі: 512-ден 3072 Mb дейін.