Дебиторлық қарыздармен жұмыс жасау

Дебиторлық қарыздармен жұмыс жасау дұрыс ұйымдастырылған жағдайда клиентті берешегін өтеуіне көндіруге мүмкіндік туады.

Мұндай шаруада арнайы оқыған операторымыздың көмегі тиеді.

Біздің көмегімізбен қарызгерлермен жұмыс жасау Сіздерге:

 

  • Төлем төлеу тәртібін арттыруға.
  • Ақшалай қаражат түсімін ұлғайтуға.
  • Клиентіңіздің жауапты әрекетін бағалау үшін кері байланыс орнатуға.
  • Оларға сәйкес ұсыныстар дайындауға және қарыздары бар клиенттердің Сіздің қызметтеріңіздің адал пайдаланушысы қатарына қайта кіруіне.
  • Абоненттік базаны ұстап тұруды қамтамасыз етуге.
  • Бизнесіңізді әрі қарай дамытып, ықпалыңыз бар салаларға баса ден қоюға мүмкіндік береді.

Бұл қалай жұмыс жасайды?

 

 Біздің байланыс-орталығымыз дебиторлық қарыздармен үш түрлі әдіспен жұмыс жүргізеді:

  • IVR- хабарлауы — қарызгерлер автоматтық жүйе арқылы, оның қарызы, көлемі, төлеу мерзімі және әдістері туралы хабарлама алады.
  • Қарызгерлерге операторлар арқылы  хабарлау – біздің операторлар Сіздердің клиенттерге жеке телефон шалып, қарызы туралы және қарыздарының жиналу себебін хабарлайды.
  • IVR- хабарлауы және операторлардың хабарлауы бірлесіп жүргізілуі — бірінші кезеңде қарызгерге автоматты түрде хабарлама жолданады. Белгілі бір мерзімде  ол ескертулерге құлақ аспағандарға, операторлар қайтадан телефон соғады.  Жұмыс қорытындысы бойынша Сізге әрбір телефон нөмірі бойынша соғылған қоңыраулар немесе байланыса алмаған нөмірлер, сонымен қатар қарызгерлерден алынған комментарийлер көрсетілген егжей-тегжей есеп ұсынылатын болады.

Қызметтің бағасы  келесі жағдайларға байланысты:

 

  • Тапсырыс берушінің нақты міндеттеріне.
  • Тапсырыс берушінің қарызгерлер туралы деректердің ұсыну/жаңарту мүмкіншілігіне.
  • Байланыс-орталығы операторларына қарызгерді Тапсырыс беруші көрсететін қызметтердің адал пайдаланушысы қатарына қайтаруларына мүмкіндік берілуіне.

Дәл қазір телефон соғып, сұраныс беріңіз немесе өтініміңізді қалдырыңыз!

Біз демалыссыз және үзіліссіз тәулігіне 24 сағат бойы, аптасына 7 күн жұмыс жасаймыз.