Бұлт

McAfee SIEM

Бұлтты АТС

IBM Lotus Notes

Documentolog (Құжаттарды жүргізуші)

 

McAfee SIEM

 

Қауіпсіздік туралы ақпаратты және қауіпсіздік оқиғаларын басқаратын тиімді де жоғары өндірмелі жүйе (SIEM) оқиғалар, қауіптер және тәуекелдер туралы деректерді біріктіре отырып, қауіптер туралы қажетті ақпаратты жинауға, жанжалдарға жылдам жауап беруге, оқиғалардың барлық журналдарымен оңай жұмыс істеуге, қауіпсіздік тәуекелдерін бейімделген түрде басқару үшін қажетті контексті құра отырып, нормативтік-құқықтық сәйкестік туралы есептер құрастыруға мүмкіндік береді.

Бұлтты АТС

 

Бұл соңғы заманауи технологиялар қолданылып құрастырылған және оператор серверлерінде орналасқан офистік телефон станциясы. «Бұлтты АТС» орнату үшін телефон станциясының жабдығын сатып алу талап етілмейді. Сондай-ақ жаңа телефон желілерін төсеудің қажеті жоқ, офистің ішінде қосымша телефон желісі жоқ. Виртуалды АТС қолданыстағы желінің негізінде ғана жұмыс істейді және әлемнің кез келген жерінде офис немесе жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

IBM Lotus Notes

 

Бұл кәсіпорынның бизнес-процестері мен құжат айналымын Интернет арқылы автоматтандыруға арналған, IBM платформасындағы электрондық құжат айналымы жүйесі. Тек браузерді ғана қолдана отырып, әлемнің кез келген нүктесінде Интернет арқылы құжаттарды қарауға, түзетуге және олармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, басқарушылық құрамға арналған толық функциялы web интерфейстің болуы. Планшеттік компьютерлер (iPad, Galaxy Tab және т.б.), смартфондар (iPhone, HTC, Nokia және т.б.) сияқты ұялы құрылғыларды қолдана отырып, web интерфейс арқылы жүйемен жұмыс істеу мүмкіндігі.

Documentolog (Құжаттарды жүргізуші)

 

Электрондық құжат айналымын автоматтандыруға арналған «бұлтты» жүйе. Жүйе электрондық құжат айналымы жүйелеріне тән функциялардың (істерді құру, тіркеу, жіберу, орындалуын бақылау, құру, құжаттарға қатынауды басқару, жіктеуіштер мен анықтамаларды жүргізу, бірлескен жұмысты ұйымдастыру, мұрағатты басқару) бүкіл кешенін орындай алады.