Байланыс-орталығы туралы

Сізге клиентпен тікелей байланыс орнату, клиенттік базаны жылдам кеңейту және сату процесін бақылау қажет болғанымен, Сіздің жеке байланыс орталығын құруға уақытыңыз жоқ па?

Біздің Республикалық байланыс орталығының телемаркетинг қызметтерін пайдаланыңыз.

Біздің қызметтер Сізге келесі әрекеттерді орындау кезінде көмектеседі:

 

  • Сіздің клиенттеріңіздің қажеттіліктерін анықтау
  • тағы бір сату арнасы – телефон арқылы сату мүмкіндігін ұйымдастыру
  • клиенттерге жаңа өнімдер мен акциялар туралы уақытылы ақпараттар беру
  • Сіздің клиенттеріңіз туралы мәліметтерді жинау және олардың өзектілігін арттыру
  • қажетті сауалнамалар жүргізу және сұрақ-жауап алу
  • әлеуетті клиенттермен іскерлік кездесулер ұйымдастыру
  • Сіздің клиенттеріңізге сатып алуға дейінгі және сатып алудан кейінгі қызмет көрсетуді қамтамасыз ету

Сіз жұмыстарыңыздың бір бөлігін бізге сеніп тапсыру арқылы:

 

  • барлық зейініңізді өзіңіздің негізгі қызметіңізге аудара аласыз
  • қажетті жабдықтарды сатып алу және персоналды қамту шығындарын үнемдей аласыз

Неліктен бізді таңдауыңыз керек?

 

Біз — жас, ұйымшыл кәсіби келіссөз жүргізу мамандарының командасымыз.

Біз Қазақстанның кез келген нүктесінде қажетті қызметтер көрсетіп, кіріс және шығыс қоңыраулардың кез келген санын өңдей, Сізге ыңғайлы нысанда қоңыраулар туралы есептер дайындай аламыз.

Бізде кез келген күрделілік деңгейіндегі жобалармен жұмыс істеудің мол тәжірибесі қалыптасқан. Біз әр жобаға жеке жол таба білеміз.

Сізге ыңғайлы болуы үшін, біз жұмыстарды біздің Республикалық байланыс орталығының базасында арнайы бөлінген операторлық топтардың көмегімен ұйымдастыра немесе Сіздің алаңыңызда жедел түрде Call-орталық құра аламыз.

Дәл қазір қоңырау шалыңыз да, тапсырыс беріңіз!

Біз үзіліссіз әрі демалыссыз – тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн жұмыс істейміз.