Компания туралы

Бұл қазақстандық «KT Cloud Lab» ақпараттық-коммуникациялық компаниясының сайты.

Біз «бұлттық» сервистерді әзірлеп, оларды іске қосамыз, сонымен қатар шағын және орта бизнес корпорациялары мен компанияларына арналған дайын салалық «бұлттық» шешімдерді ұсынамыз.

400 астам кәсіби операторлар жұмыс істейтін байланыс орталығымыз бүкіл Қазақстан бойынша 169 анықтама қызметі мен телемаркетинг қызметтерін ұсынады.

Ал біздің коммерциялық Деректер өңдеу орталығымызда сіз жаңа жабдықты орналастырып қана қоймай, кез келген ІТ жобаларыңызды іске асыра аласыз.

KT Cloud Lab компаниясы өзінің ақпараттық-коммуникациялық қызметтерін жергілікті де, халықаралық та нарықтарда ұсынады.

Бұлттық қызметтер мен АТ аутсорсинг:

 

  • Деректерді өңдеу орталығы — «бұлттық» қызметтерді көрсету инфрақұрылымы
  • «Бұлттық» телефония – әмбебап коммутация торабы
  • «Бұлттық» қызметтер – электронды құжат айналымы және бизнесіңізге қажетті басқа да АТ шешімдер
  • АТ аутсорсинг – АТ пайдаланушыларын техникалық қолдау

Республикалық қамтудағы байланыс орталығы:

 

  • Тегін және ақылы анықтамалық қызметтер: 118 және 169
  • Аутсорсингтік байланыс орталығының қызметтері

 

Сатып алу мәселелері жөнінде: KT Cloud Lab ЖШС сатып алулары