Байланыс орталығы

Кіріс қоңыраулар:

Шығыс қоңыраулар:

Шұғыл желі Телефон арқылы сату
Сұраныстар қабылдау Маркетингтік және әлеметтік сауалнамалар
Интернет порталға қызмет көрсету Дебиторлық қарыздармен жұмыс жасау
Теледауыс беру Сапаны бақылау
  Автоматтандырылған хабарландыру

 

Қабылдау 24

IVR (автоматты дауыстық сервистер)

Бөлінген операторлар тобы

Тапсырушы офисіндегі байланыс-орталық

Оператоларды оқыту

Premium Rate

 

Кіріс қоңырауларды өңдеу

 

Сіз жоғары технологиялы әрі телекоммуникациялық платформа негізінде құрылған сапалы сервиске қол жеткізесіз. Біз үзіліссіз және демалыссыз, кез келген уақытта ӘРБІР қоңырауды қабылдап, өңдейміз. Операторлардың кәсіби базасы Сіздің клиенттеріңізге өнімге немесе қызметке қатысты кеңестер береді. Сондай-ақ Сізге ыңғайлы нысанда жасалған есепті ұсынады. Қоңырауларды өңдеу 2 тілде – қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Шығыс қоңыраулар

 

Cіз қысқа мерзім ішінде Тапсырыс берушінің байланыс базасы немесе біздің база бойынша маркетингтік және әлеуметтік сауалнамалар жүргізе аласыз. Біздегі клиенттер базасы – бүкіл Республика бойынша «Қазақтелеком» АҚ абоненттерінің базасы, бұл Сізге сапалы таңдау жасауға және таңдалған аудиториядан жылдам сұрақ-жауап алуға көмектеседі.

Қабылдау орталығы 24

 

Бұл қашықтан, үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істейтін жеке хатшы қызметтерінің пакеті. Ол Сіздің компанияңызға келіп түскен кез келген қоңырауды кәсіби түрде қабылдап, өңдейді.

IVR (автоматты дауыстық сервистер)

 

Бұл қызмет мақсатты клиенттік базаға қоңырау шалу арқылы халыққа жаппай ақпарат беруге арналған. Сіз Қазақстан қалаларының кез келгенін таңдай аласыз. Біздің абоненттік базаның құрамына 4,5 миллионнан астам телефон нөмірі кіреді.

Арнайы бөлінген операторлар топтары

 

Бұл біздің алаңда құрылған Сіздің жеке байланыс орталығыңыз. Біз рекрутинг, мамандарды оқыту және сынау қызметтерін өз жауапкершілігімізге аламыз.

Тапсырыс берушінің офисіндегі байланыс орталығы

 

Бұл қызмет жұмыс істеу үшін офисте жеке байланыс орталығының болуын қажетсінетін, бірақ оны құру үшін ресурстары жеткіліксіз тұлғаларға арналған. Біз бұл мәселені шешудің тиімді (үнемді) жолын, яғни офисіңізде, үйіңізде немесе Сізге ыңғайлы өзге жерлерде қолданыла алатын технологияларымызды жалға алуды ұсынамыз.

Байланыс орталығының мамандарын оқыту

 

Сіздің операторларыңыз телефонмен тілдесуге қажет білімді алып қана қоймай, қажетті дағдыларды – телефон арқылы сату кезіндегі әдеттегі және әдеттен тыс жағдайлардағы нәтижелі сұхбатты, клиенттермен телефон арқылы жұмыс істеудің әмбебап алгоритмдерін тәжірибе жүзінде меңгере алады.

Premium Rate

 

«Premium Rate» қызметтері Сізге тиісті қызметке ақы төлейтін соңғы қолданушыларға қызметтерді ұсыну үшін қосымша кіріс алуға мүмкіндік береді. Трафикке төленетін төлем мөлшерін өзіңіз белгілейсіз де, өз пайдаңызды өзіңіз анықтайсыз.

Қосымша ақпараттарды 169 телефоны бойынша операторлардан ала аласыз