IVR (автоматты дауыстық сервистер)

IVR (Interactive Voice Response – интерактивтік дауыстық  сервистер) пайдалану үлкен компанияларға да, және шағын бизнеске де өте тиімді.

Үлкен компаниялар үшін IVR қызметі жалпылай ақпараттық сұраныстарды өңдеуге арналған шығындарды қысқартуға  мүмкіндік береді, мысалы:

  • дүкендер, филиалдар немесе сату орындарының мекенжайлары,
  • қызмет немесе товар үшін қалай ақы төлеу,
  • жеткізу шарттары,
  • тауарды қайтару ережелері,
  • абоненттің жеке есеп-шоты жағдайы,
  • маркетингтік акцияға қатысу шарттары,
  • сыйлықтарды ойнатуға қатысушының мәртебесі,
  • кредиттік карта арқылы тауар немесе қызмет ақысын автоматты түрде төлеу және басқа да көптеген қызметтер.

Күніне бірнеше телефон қоңырауы соғылып, тұрақты офисі жоқ шағын бизнес үшін IVR «алпауыт компанияның әсерін» қалыптастыруға көмектеседі.

Артықшылықтары:

 

  • Біз IVR тез арада әрі аз ғана шығынмен орнатып береміз.
  • Сіз тек өзіңіз қабылдаған телефон қоңырауларының ақысын ғана төлейсіз.
  • Телефон қоңыраулары тәулік бойы Сіздің қатысуыңызсыз автоматты түрде өңделіп отырады.

Қызмет қалай жұмыс жасайды?

 

  • Біз сіздерге дауыстық мәзір жасап береміз, онда сату қызметімен, бухгалтериямен, сатып алу бөлімімен және т.б. телефон байланысы ұсынылады. Мәзірдің әрбір тармағы бойынша қоңырау соғушыны тиісті мамандармен қосып отырады.
  • Қосымша жүргізілетін теңшеулер клиентке дауыстық пошта қалдыруға немесе факс жіберуге мүмкіндік береді. Кейіннен олар Сізге ыңғайлы форматты электронды пошта арқылы жіберілетін болады.

Дәл қазір телефон соғып, сұраныс беріңіз немесе өтініміңізді қалдырыңыз!

Біз демалыссыз және үзіліссіз тәулігіне 24 сағат бойы, аптасына 7 күн жұмыс жасаймыз.