IT Аутсорсинг

Аутсорсинг (ағыл. outsourcing: (outer-source-using) – сыртқы көзді/ресурсты қолдану), ұйымның қызмет көрсетуге қатысты белгілі бір бизнес-процестерді немесе өндірістік функцияларды тиісті салада маманданған өзге компанияға шарт негізінде беруі.

Бір реттік, кезең-кезеңдік, кездейсоқтық сипаттарымен ерекшеленетін, басы мен соңы шектелген сервис және қолдау қызметтерімен салыстырғанда, аутсорсингке әдетте ұзақ мерзімді келісімшарт негізінде жекелеген жүйелер мен инфрақұрылымдардың үздіксіз жұмысқа қабілеттілігін кәсіби қолдап отыруға бағытталған функциялар беріледі.

Аутсорсинг көмегімен шығындарды үнемдеудің негізгі көзі жалпы кәсіпорынның тиімділігін арттыру, сондай-ақ жаңа бағыттарды дамыту немесе күш-жігерді ағымдағы, жіті көңіл бөлуді талап ететін бағыттарға жұмылдыру үшін тиісті ұйымдастырушылық, қаржы ресурстары мен адами ресурстарды босату мүмкіндігін туындату болып табылады.

Біз бағдарламалық жасақтаманы баптау және оған қызмет көрсету қызметтерін ұсынып, Сізге заманауи технологияларды қолдану бойынша барлық қажетті мүмкіндіктерді қамтамасыз етеміз.

IT-аутсорсингтің мүмкіндігі:

 

  • ИТ-инфрақұрылымын меңгеру мен дамытудың жиынтық құнын төмендету
  • ИТ-инфрақұрылымына қызмет көрсетуші персоналдың жоғары құзыреттілік деңгейін қамтамасыз ету
  • ИТ-инфрақұрылымын жаңарту және қайта құрылымдау тапсырмаларын орындау уақытын қысқарту
  • Инфрақұрылымның жоғары деңгейін қолдап отыру
  • Клиенттің қалауы бойынша ИТ-инфрақұрылымын жаңарту, дамыту және оған қызмет көрсету, сондай-ақ оны аутсорсингке беру жұмыстарын орындаудан бұрын жүретін IT-консалтинг, IT-аудит жүргізілуі мүмкін

IT-аутсорсингті қолдану артықшылықтары:

 

  • Салықтарға және штаттық бірліктің жалақысына кететін шығындарды үнемдеу, компанияның ішкі ресурстарын өзге мақсаттар үшін босату және шығасыларды қысқарту есебінен ИТ-инфрақұрылымын қолдану құнын үштен бір есеге кеміту
  • Компанияның күш-жігерін негізгі қызметке жұмылдыру және арнайы жабдықтар мен технологияларды толық көлемде қолдану есебінен алынатын өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыру
  • Басқарылмайтын факторлардың ықпалын төмендету есебінен тәуекелдерді азайту
  • Компанияның инвестициялық әлеуетін нығайту