Documentolog (Құжаттарды жүргізуші)

Электронды құжат айналымын автоматтандыруға арналған «бұлтты» жүйе. Жүйе электрондық құжат айналымы жүйелеріне тән функциялардың (істерді құру, тіркеу, жіберу, орындалуын бақылау, құру, құжаттарға қатынауды басқару, жіктеуіштер мен анықтамаларды жүргізу, бірлескен жұмысты ұйымдастыру, мұрағатты басқару) бүкіл кешенін орындай алады.

Documentolog жүйесі дәстүрлі іс жүргізуге тән құралдармен шектелместен, құжаттардың кез келген түрін құруға, осы құжаттардың ықтимал функцияларын анықтауға және олардың тұтас әрекет ету кезеңінде қозғалу бағыттарын сипаттауға мүмкіндік беретін құралдар жинағынан тұрады. Жаңа құжаттар түрін құру және қолда бар құжаттар түрін өзгерту графиктік режимде бағдарламалаусыз жүзеге асырылады. Жүйенің қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы ең қысқа мерзімдердің ішінде оны енгізудің ықпалын сезінуге, осылайша оны қолдану тиімділігін тұрақты түрде арттыруға мүмкіндік береді.

Documentolog жүйесі төмендегілерді қамтамасыз етеді:

 

  • Дәстүрлі іс жүргізу мен офис қызметін толықтай автоматтандыру
  • Компанияның кез келген құжаттық бағдарланған бизнес-процестерінің жұмысын автоматтандыру
  • Тапсырмалардың, шешімдердің, бекітілген регламенттердің орындалуына қатысты бақылау функциялары
  • Құжаттардың электрондық мұрағатын жүргізу
  • Ыңғайлы әрі дамыған іздеу құралдары
  • Компанияның барлық құжаттарын бірыңғай сақтау орны
  • Кез келген сыртқы жүйелермен бірігу
  • Есептерді түрлендіргіштің тиімді құралдары, жетекшілерге арналған графиктік есептер
  • Жүйеде жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарын (ЭСҚ, әрекеттер аудиті, себет, мұрағаттау және бэкап, және т.б.) дамыту.

Жүйенің базалық конфигурациясы

 

Documentolog жүйесінің базалық конфигурациясы шағын бизнес ұйымдарының құжат айналымын автоматтандыруға арналған, конфигурация қолдануға дайын және оны жүйені орнатқаннан кейін бірден пайдалануға болады.

Жүйенің үйреншікті конфигурациясы

 

Documentolog жүйесінің стандарт конфигурациясы шағын және орта бизнес ұйымдарындағы іс жүргізу процестерін автоматтандыруға арналған. Стандарт конфигурация қолдануға дайын және оны жүйені орнатқаннан кейін бірден пайдалануға болады.