Colocation (Колокация)

Бұл Сіздің серверлік жабдығыңызды біздегі деректерді өңдеу орталығына орналастыру қызметі

Компанияңыз үлкейгендіктен, Сізге серверлерді қауіпсіз орналастыру үшін сенімді байланыс арналары керек пе?

Сізге ірі көлемді деректерді сенімді түрде сақтау қажет пе?

Сізге backup (бэкап) процедурасын қамтитын сенімді резервтік торап керек пе?

Сізге жабдығыңызды сенімді қорғалатын үй-жайға орналастыру керек пе?

Артықшылықтары:

 

Біз Сіздің серверлік жабдығыңызды біздегі инновациялық кәсіби деректерді өңдеу орталығына орналастырып, келесі артықшылықтарды қолдануды ұсынамыз:

  • құн тұрғысынан едәуір үнемдеуді қамтамасыз ету
  • Сізге офисте өз бетіңізбен қол жеткізу мүмкіндігі аз желілік қуат көздері төменірек бағамен беріледі
  • шешім шығару еркіндігі
  • Сіз өз жабдығыңызды өзіңіз ауыстырып, жаңарта, сондай-ақ қажетті бағдарламалық жасақтаманы орната аласыз. Егер Сіздің офисіңіз басқа жерге көшетін болса, сервер бұрынғы орнында қалып, жұмыс істеуін жалғастырады.
  • жоғары технологиялы жабдық

Біздің деректерді өңдеу орталығын салу кезінде үнемділігімен және қоршаған ортаны ластамайтындығымен ерекшеленетін жоғары технологиялы жабдықтар кеңінен қолданылды. Ғимарат аумағын сыртынан жарықтандыру үшін жалпы (қалалық) электрмен жабдықтау желісімен қатар, айына 1,86 мВт мөлшеріндегі электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік беретін аккумуляторлы энергия жинағыштардан тұратын күн панельдері жүйесі қолданылады.

Деректерді өңдеу орталығында жеке резервтік электр қорегі жүйесі мен тәуелсіз жылдам интернет-арналары қарастырылған, бұл Сіздің жабдығыңыздың Сізге және Сіздің клиенттеріңізге үнемі қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Жалпы деректер Сипаттама

Деректерді өңдеу орталығының жалпы ауданы:

810 шаршы м.

Сіз өз серверіңізді әлемнің кез келген нүктесінен қашықтықтан басқара, серверді қайта жүктей, баптауларды өзгерте, кез келген операциялық жүйені орната аласыз

Бағаналардың саны: 75-ке дейін

Кәсіби техникалық қолдау

Рұқсат етілген қуаты — 1100 кВт

Біздің қызметкерлер Сізге қажетті кеңестердің барлығын ұсынып, Сіздің серверіңізді баптауға көмектеседі

Электрмен жабдықтау санаты — 2 (электр тарату желілерін резервтеу)

Барлық жүйелердің жұмысына мониторинг жүргізу

Деректерді беру арнасы — 80 Гб/с дейін

Деректерді өңдеу орталығын басқару және оған мониторинг жүргізу үшін заманауи орталықтандырылған APC Struxture Ware жүйесі қолданылады

 

Қызметтің атауы Тариф

Жабдықты орналастыру, 1U үшін:

20 500 теңге

Қосу және баптау:

3 000 теңге

Суық резерв:

12 500 теңге